Физиотерапия бөлімі 1969 жылы Облыстық клиникалық емханасының ашылуымен қатар құрылған, қазіргі кезде емхана ғимаратының 2- ші қабатында орналасқан, мына бөлімшелерге физиотерапиялық көмек көрсетеді: жүрек-тамыр хирургиясы, неврология, хирургия, ревматология, нейрохирургия және жақ-бетіндегі хирургия, лор және 5 қабатты емхана ғимаратының 1-ші қабатында физиотерапия бөлімінің балалар бөлімшесі орналасқан.
Бөлімді басқару Проказа Н.Н. дәрігер-физиотерапевтке жүктеледі.
Аға мейірбике Ванеева Т.В. болады.
1970 жылдары Ракк Е.П., емдік дене шынықтыру дәрігері Архипова Т.М., Гацуляк Б.Я. жұмыс істеген.
1974 жылы аға мейірбике Шешукова Д.В.
Мейірбикелер: Польская Л.А., Корниенко В.А.
1994 – 2000 жылдары физиотерапия бөлімінің меңгерушісі Алдынгурова З.Н. болды,
1995 -2005 жылдары аға мейірбике Нурасылова Н.Т.
1969 -1998 жылдары балалар физиотерапиялық бөлімінде меңгеруші Ахметжанова А.С. және аға мейірбике Садыкова М.А. болды.
2001 жылынан бастап және казіргі уақытка дейін бөлімде меңгеруші болып дәрігер-физиотерапевт Адишева М.С. және аға мейірбике Исагали С.М. жұмыс істейді.
Физиотерапия бөлімінде казіргі уақытта 27 қызметкер жұмыс істейді, оның ішінде 2 дәрігер: бөлім меңгерушісі және дәрігер-физиотерапевт, 19 мейірбике, 2 қызметкер жоғары педагогикалык білімді-емдік дене шынықтыру нүсқаушысы, жоғары санатты 12 мейірбике, 7 мейірбикеде мамандандыру куәлігі бар.
1972 жылы Облыстық клиникалық емханасының негізінде емдік дене шынықтыру бөлмесі ашылды.
Емдік дене шынықтыру бөлмесі құрылғылармен жаңартылған : толож, степлер, велоэргометр, жүгіру машинасы емдік дене шынықтыруда жаттығудың әсері мен сапасын жоғарылатты.
Біздің клиника көп салалы болғандықтан, физиотерапия бөлімі науқастарды емдеу және оңалту кезеңінде стационарлық және амбулаторлық емдеудің ажырамайтын бөлігі болып саналады.
Жыл сайын ММУ клиникалық кафедрасымен бірге әртүрлі нозологияларды емдеуде жаңа әдістемелер мен дамытулар еңгізіледі :
- жүлын ауруын емдеуде электрофорез карипазиммен;
- вегетативтік – тамырлы дистония, әртүрлі генезд і энцефалопатияны емдеуде истенон препаратымен дәрілік электрофорез;
- биоорганикалық дәрілік электрофорез миксидола аутоиммундық ауру кезінде, әртүрлі генезді церебро-васкулярлық жетіспеушілікте қолданады;
- биоорганикалық дәрілік электрофорез октагамма препараты аутоиммундық неврологиялық ауруларда, склероз, миостенияда қолданады;
- фонофорез әдісімен еңгізілген куриозин (гель) препараты коллоидті жара мен некротикалық жараларды емдеуде
- фонофорез долобене тірек – қимыл жүйесі ауруларын емдеуде;
- кванттық терапияны қолдану ППН қабыну процесінде, асқазан ойық жарасы мен буындарды емдеуде;
- цероксон электрофорезі жедел бас ми қан айналымы бұзылуында науқастарды ерте оңалту кезеңінде қолданады;
- мидокалм электрофорезін еңгізу спастикалық парез бен бұлшық ет – тоникалық синдромды емдеуде;
- нейромидин электрофорезін еңгізу НСТ., және полинейропатияны емдеуде.
Мақалалар жарияланды :
1.Нейромедин эндоуралді электрофорезі нейросенсорлы саңырау 1-2 дәрежесін емдеуде.
2.Тірек – қимыл жүйесі ауруында фонофорез диприлиф препаратымен.
3.Кетанол ультрадыбыстық терапия бұлшықет – фасциалды ауыру синдромын емдеуде.
4.Интраназальды электрофорез цероксонмен жедел бас ми қан айналымы бұзылған науқастарды ерте және кеш оңалту кезеңінде.
5.Электрофорез мидокалм бұлшықет – тоникалық синдромында.
Кардиохирургиялық науқастарға операцияға дейін және операциядан кейінгі емдеу кезеңінде оңалту курсын жұргізу. Кейінгі кезде панто – фитопар шаралары бөлмесі жұмыс істеп тұр, бұл бөлмеде әртүрлі шөтердің қайнатпасы және жас маралдардың мүйіздерінің қайнатпасы қабынуды басу мақсатымен, заталмасу процесін жақсарту үшін және иммунитетті көтеру мақсатымен қолданады.
Физиотерапия бөлімі науқастарға емдік, профилактикалық және оңалту көмегін көрсетеді.




