Бет – жақ бөлімшесі хирургиясы Қаз.ССР Нарком деңсаулық қорғау ұйымының 1 ақпан 1947 жылдағы бұйрығына байланысты қалалық хирургиялық аурухана базасында 10 төсекке арналып ашылған (бас дәрігері Шандро Л.П., бөлім менгерушісі Потатуркина Н.Е., дәрігер ординатор Плотникова Е.Н.). 15.02.52ж. Семей облысының облыстық деңсаулық қорғау ұйымының бұйрығымен төсек саны 15-ке артырылып, бөлімше облыстық аурухана базасында (бас дәрігер – Филлиппинова А.И., дәрігерлер Потатуркина Н.Е., Тупицына З.А., Плотникова Е.Н.) ашылған.
1957 жылдың қыркүйек айында Семей қаласының медициналық институтында емдеу және педиатриялық факультет студенттеріне арналған стоматологиялық курс ашылған, оны Н.Е Потатуркина басқарған, бет-жақ бөлім меңгерушісі болып З.А.Тупицына тағайындалды.
1969 жылы Облыстық аурухана жаңадаң ашылып, төсек саны 30, 1972 жылы 40-қа, 1986 жылы 60-қа дейін артқан. Бет – жақ бөлім меңгерушісі болып жоғарғы санатты хирург Л.Л.Брюханова тағайындалды.
1996 жылдан қазіргі уақытта бөлім меңгерушісі денсаулық қорғау ісінің үздігі А.К.Боленбаев. Қазіргі уақытта стоматологиялық стационар 39 төсекке арналған. Оның ішінде балаларға- 11, үлкендерге арналған төсек саны – 28.
Бөлім дәрігерлері: жоғарғы санатты дәрігер Тилеубаева А.С., денсаулық қорғау ісінің үздігі жоғарғы санатты дәрігер Кажкенова Г.К, жоғарғы санатты дәрігер Берекенов А.М, бірінші санаты дәрігер Шынгаев Е.Е,Мусина Г.А,Мақанов Ә.Т

Бөлім ардегерлері: денсаулық қорғау ісінің үздіктері:Карыбжанов И.М,Абдина А.К.
Бөлімде таңу, отау жасау ,ем шара жүргізуге арналған ,сонымен қатар дәрігерлер және науқастарға, бөлім дәрігерлеріне орта және кіші медицина қызметкерлеріне арналған бөлмелер бар.

Бет – жақ бөлімінің қызметкерлер құрамы жас, жігерлі. Бөлімшедеге қызметкерлердің орташа жас мөлшері – 43 жас.
Бет – жақ бөлімшесі және хирургиялық стоматология ұжымдары бір бірімен жұмыс барысында үнемі тығыз байланыста. Соңдықтан бөлімде профессор-оқытушыр құрамы және бөлім дәрігерлері бірлесіп жұмыс істейді

Орта медициналық қызметкерлер құрамы: Камзина Г.З.(аға мейірбике, жоғарғы санатты,), Беккожинова Г.А. (жоғарғы санатты, медициналық өтілі – 23 жыл), Ешенгазинова Ж.К. (жоғарғы санатты, медициналық өтілі – 23 жыл), Токболатова Ж.Т.(жоғарғы білімді мейірбике, жоғарғы санатты, медициналық өтілі – 18 жыл), Рахметова М. (жоғарғы санатты, медициналық өтілі – 11 жыл), Жумагалиева А. (екінші санатты, медициналық өтілі – 5 жыл), Жумагалиева Д,Болатбаева А.

Бөлім қызметкерлері кәсіптілік деңгейлерін үнемі жетілдіреді, мастер-класс, Алматы, Семей және Новосибирск қалаларында дәрігерлік білімдерін жетілдіру семинараларын өтеді.
Ұжымның негізгі ғылыми бағыты – Семей аймағының тұрғындарында бет – жақ патологияларының ағымының ерекшелігін, диагностикасы және емін зерттеу.
Қызметкерлермен 50 ғылыми жұмыс баспаға шыққан, ҚР инновациялық 2 патенті жасалған («Лимфоциттардың фнукциональды белсенділігін бағалау» № 74153 ,« Бактериальды аллергияның диагностика тәсілі» № 74645, маусым 2011жылы, Садвокасова Л.М. басқада авторлар), стоматологиялық науқастарды емдеуде және диагностикасында 50 өздік және басқалардаң алынған тәсілдер енгізілген. Барлық енгізілген ұсыныстар Семей қ., Өскемен, Шемонайха, Үрджар стоматологиялық клиникаларына кенінен қолдануда. Бет – жақ хирургиясы бөлімшесі тәулік бойы жұмыс істейді. Біз күнделікті шұғыл (бет – жақ аймағының одонтогенді және одонтогенді емес қабыну аурулары, бет және мойын жарақаттары, төменгі жақ самай буыны және сілекей безі, гаймор қуысы және т.б.) және жоспарлы көмек (бет жақ аймағының туа біткен кемістіктері және ақаулары,бет-жақ аймағының қатерсіз жаңа түзілістері, бет-жақ аймағының реконструктивті және пластикалық операциялары және т.б)көрсетеміз.
Біздің емделушілеріміз Шығыс Қазақстан Облысының халқы.