СЕМЕЙ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ ГОСПИТАЛІНІҢ
РЕСМИ ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗДЕР!
БІЗ ТУРАЛЫ
Университеттік аурухана облыстағы ірі емдеу-профилактикалық, ғылыми-педагогикалық мекеме болып табылады және 1999 жылы облыстық балалар клиникалық ауруханасы мен облыстық клиникалық аурухана базасында ұйымдастырылған. 2006 жылы денсаулық сақтау саласын реформалау мен дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында Денсаулық сақтау министрлігінің өтініші және Шығыс Қазақстан облысы әкімінің қаулысы негізінде орталыққа ауыстырылды. Семей мемлекеттік медицина университетінің құрылымдық бөлімшесі ретінде коммуналдық меншіктен республикалық меншікке өтті.