1967 жылғы 2 қарашадағы No112 бұйрығына сәйкес жаңа Облыстық аурухананың негізінде облыстық консультативтік емхана ашылды.
Осы жылдар ішінде емхана бөлімінің меңгерушілері:
1.Филипова А.И. (1968-1974)
2. Раипов Қ.Р. (1975-1980)
3. Сарымсақова Қ.С. (1981-1995).
4. Әлімханов С.Б. (1996).
5. Иманқұлов Е.Қ. (1997)
6.Қабдуллина Р.О. (1998-2014)
7. Нұрланова Р.Р. (2014 жылдан қазіргі уақытқа дейін).

2014 жылдан қазіргі уақытқа дейін консультациялық емхананы емхана меңгерушісі Нұрланова Роза Рахымжанқызы басқарып келеді. Нұрланова Роза Рахымжанқызы 1994 жылы Семей мемлекеттік медицина институтын, 2000 жылы Семей мемлекеттік медицина академиясының жүйке аурулары кафедрасында клиникалық ординатураны бітірді. 2000 жылдан бері консультативтік емханада жұмыс істейді, біліктілігі жоғары санатты невропатолог дәрігер. 2023 жылы Семей қаласындағы Әлихан Бөкейхан атындағы университеттің магистратурасын бітірді – «Бизнес және менеджмент» магистрі дәрежесіне «Іскерлік басқару» мамандығы берілді. 2023 жылы «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
УГ консультативтік емханасында мамандандырылған медициналық көмек 29 мамандық бойынша көрсетіледі. Емхана ұжымында жоғары санатты – 22 дәрігер, бірінші санатты – 4 және санаты жоқ 3 дәрігер жұмыс істейді. Бөлімше қызметіне жоғары санатты аға мейірбике Мадьярова Айжан Қапезқызы медбикелер мен кіші медицина қызметкерлеріне жетекшілік етеді, Мадьярова Айжан Қапезқызы 2023 ж. Семей қаласының медициналық университетін бітірген, «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша денсаулық сақтау бакалавры дәрежесін алған. Консультациялық емханада 15 медбике жұмыс істейді, оның 13-і жоғары санатты, бірінші санатты – 2. Емхана дәрігерлері 30-дан астам ғылыми мақалалар жариялады, 10-нан астам әдістемелік ұсыныстар әзірледі. УГ КЕАҚ «Семей Медицина Университетінің» емханасы пациенттерге медицина ғылымы мен тәжірибесінің заманауи жетістіктері деңгейінде консультациялық көмек көрсетеді. Консультациялық емханаға қабылдау ауысымына 200 адамды құрайды.
2014 жылдан бастап УГ КЕАҚ «Семей медицина университетінің» консультативтік емханасы қосалқы мердігерлік негізде жұмыс істейді. 2015 ж. консультациялық емханада мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру үшін «Электрондық кезек» терминалы орнатылды. Мамандардың қабылдауына жазылу үшін де алдын ала тіркелу жүргізіледі. 2017 жылы Электронды құжат айналымын тәжірибеге енгізу үшін консультативтік емханада KМИС ДАМУМЕД жүйесі енгізілді.
Сонымен қатар пациенттер әртүрлі профильдегі CHECK-UP диагностикасы бойынша тексеріледі. Халыққа көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын арттыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде, пациенттер мен қызметкерлер арасында қанағаттану дәрежесін зерделеу, ұсыныстарды талдау арқылы сауалнама енгізілді. Медициналық персонал үнемі, оның ішінде шетелде тағылымдамадан өтіп, кәсіби біліктілігін арттырып отырады. Инфекционист-м.ғ.д. Смайыл Ербол Мүсілімұлы 2017 жылы Израиль Республикасында – Рамбам медициналық кампусында, Хайфа қаласындағы Бауыр орталығында профессор Элла Вайцманның жетекшілігімен тағылымдамадан өтті. УГ емханасы «МУС» КЕАҚ кафедраларының профессорлық-оқытушылық құрамының тұлғасында консультациялық көмек көрсетеді.


Консультациялық емхананың дәстүрлерінің бірі – Қарттар күнінде бөлім ардагерлеріне құрмет көрсету. Консультативтік емхананың ардагерлері: врач-хирург Бигалиев С.Н, врач-офтальмолог Жизневская Е.М, врач-эндокринолог Жустова С.А., врач-профпатолог Сытдыкова Л.К, гастроэнтеролог Кулмагамбетов А.О., гинеколог Масалимова Н.Т., пульмонолог Кабдуллина Р.О., стоматолог Абдина А.К., невропатолог Оспанов Б.Т., мед.бикелер – Одорушенко В.В., Сарсенова Р.С., Садыкова Л.Ч., Рядунова Н.В.,Саирова Н.К., шаруашылық иесі- Маршова Н.Н., санитаркалар – Жексембинова Ж., Жумашева С.К, Жеттикбаева Г.К.