1983 жылы Облыстық клиникалық ауруханасының бас дәрігері, Каз.ССР еңбек сіңірген дәрігері Ф.Д. Абдыхалыкова мен гастроэнтерология бөлінің дәрігері Қ.К.Нуралиновтің бастамасы бойынша, » КРАСНОГВАРДЕЕЦ» маркалы жабдықталған эндоскопиялық кабинет ашылды.
1985 жылы, аурухана мұрағатының орнына жөндеу жұмыстарынан кейін гастроскопия, ректо-колоноскопия және бронхоскопия кабинетінен құралған емдік эндоскопия бөлімі ашылды,қазіргі уақытта емхана ғимаратының 2 ші қабатында орналасқан. Емханадағы жүрек-тамыр хирургиясы, хирургия, нейрохирургия, неврология, ревматология, ЛОР және де балалар емханасының барлық бөлімдеріне эндоскопиялық зерттулер жургіліліп,уақытылы көмектер көрсетіледі.
Дәрігерлер К.К. Нуралинов пен Т.Е. Шаханов бөлімнің клиникалық материалдарынан кандидаттық диссертация қорғады.
1985 ж -2017ж аралығында эндоскопия бөлімін біліктілігі жоғары санаттағы дәрігер,медицина ғылымдарының кандидаты эндоскопист Нуралинов Кабдыслям Карибжанулы басқарды.
2017 ж -2019 ж арасында бөлімді біліктілігі жоғары санаттағы дәрігер эндоскопист Санбаев Дидар Махмутбайұлы басқарды.
1983 ж-2008 жыл аралығында аға мейірбике болып біліктілігі жоғары санаттағы мейірбике Нурмуканова Зауре Тылгатбекқызы жумыс атқарды.
2008 ж-2014 ж аралғында аға мейірбике болып Сапарова Рабига Трусбекқызы жумыс атқарды.
2014 ж-2021ж арасында біліктілігі жоғары санаттағы аға мейірбике Нурмуканова Зауре Тылгатбекқызы жумыс атқарды.
2019 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін бөлімде меңгеруші болып Нуралинов Е.К.және
2022 жылдан аға мейірбике Ағымбекова Б.А жұмыс істейді.
Эндоскопия бөлімінде қазіргі уақытта 11 қызметкер жумыс жасайды.1 дәрігер медицина ғылымының кандидаты,3 дәрігер бірінші санатты,5 мейірбике,оның 4і жоғары санатты,1 мейірбике 1 ші санатты,2 кіші медицаналық қызметкерлер.
Бөлімше «ОЛИМПУС», «ПЕНТАКС» және «CОНОСКЕЙП» фирмасының заманауи эндоскопиялық бейнешек кешендерімен жабдықталған.
Бөлімшеде диагностикалық және емдік процедуралар кеңінен қолданылады – «I-SCAN» бейне жүйесі өңеш және асқазан обырының ерте диагностикасы жүргізіледі.
Бөлімшеде диагностикалық және емдік процедуралар – ЭРХПГ, ЭПСТ, көмей, асқазан-ішек жолдарынан, кеңірдектен, бронхтан және өңештен қатерсіз ісіктердің дестукциясы мен эндоскопиялық жолмен кесуі және бөгде денелерді алуы кеңінен қолданылады.
Сонымен қатар студенттерді, дәрігер-эндоскопистерді оқытады.
![](https://gmu.kz/wp-content/uploads/2023/10/1-3.jpg)
![](https://gmu.kz/wp-content/uploads/2023/10/2-3.jpg)