Ересектер хирургия бөлімшесі 1952 жылы физинститут базасында ұйымдастырылды. Бөлімшеде жалпы хирургиялық науқастарға емдеу жүргізілді. Хирургиялық бөлімше 1969 жылдан бастап Сеченов көшесі 1 мекенжайындағы Облыстық клиникалық аурухана базасында қалыптасқан.
Бөлімше меңгерушілері: 1969-1974 жж Н.М. Макаров. 1974-1977 жж. Т.М. Волкова. 1977-2008 жылдары бөлімшені жоғары санатты дәрігер, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау үздігі, осы аурухананың ардагері Чиныбаев Әбілбек Игасымұлы басқарды, клиникада 1969 жылдан бастап қызмет атқарады.
Ә.И. Чиныбаев 2000 жылы Республикада алғаш рет ашық лапароскопиялық тәсілмен «ЛИГА -7» аппаратын бауырдан тыс өт жолдарына ота барысында қолдануды енгізді.
Әр жылдары хирургиялық бөлімшеде профессор Ф.К. Құрманғалиев (1988-1996 жж. облыстың бас хирургы), дәрігерлер А.А. Жексембаев (қазіргі уақытта Астана қ. Гепатобилиарлы хирургия және бауыр трансплантациясы бөлімшесінің меңгерушісі). С.Н. Бигалиев, Н.А. Репин, Б.К. Шамкин, Р.Н. Даумбаев, А.А. Струнковский, В.Н. Супрун, Ж.А. Садырбалин, В.А. Ермолаев, А.В. Зонов, А.Д. Раиымханов (қазіргі уақытта Алматы қ. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ хирургия кафедрасының қызметкері), Н.Б. Омаров (қазіргі уақытта «СМУ» КеАҚ УГ директоры), Т.Л. Акпаров (қазіргі уақытта директордың иновация және хирургиялық қызметі бойынша орынбасары) жұмыс істеді.
Қазіргі уақытта хирургия бөлімшесі: 43 төсек орыннан тұрады (оның ішінде жалпы 15 төсек орын проктологиялық және іріңді науқастарға арналған), кеуде және құрсақ қуысы ағзаларының жедел хирургиялық патологиялары, жұмсақ тіндердің іріңді аурулары бар науқастарға жедел және жоспарлы хирургиялық көмек көрсетеді, қалқанша безі аурулары, іштің алдыңғы қабырғасының жарықтары, проктологиялық ауруларға жоспарлы хирургиялық көмек көрсетеді және т.б.
Бөлімше қала бойынша айына 7-8 ургенттік кезекшілікті атқарады. Кезекші дәрігерлер тобы университет госпиталінің білікті хирургтарынан құралған. Бөлімшеде 6 хирург дәрігер жұмыс істейді: Е.М. Асылбеков м.ғ.к. бөлімше меңгерушісі, жоғары санатты хирург дәрігер. Р.К. Тайбуров – хирургия бөлімінің аға ординаторы, жоғары санатты дәрігер-хирург. А.К. Багенов – жоғары санатты хирург дәрігер. М.Х. Жунисов – жоғары санатты хирург дәрігер. Е.Т. Сакенов – екінші санатты хирург дәрігер. З.Е. Ерланов – екінші санатты хирург дәрігер. Бөлімше дәрігерлері 400-ден астам ғылыми мақалалар, оның ішінде 62 рационализаторлық ұсыныстар мен өнертабыстар жариялады.
Хирургиялық бөлімше «СМУ» КеАҚ университеттік госпиталінің хирургия, анестезиология және реанимация кафедрасының базасы болып табылады, 1997-2012 жылдары кафедраны м.ғ.д.профессор Н.Р. Рахметов басқарды. 2012 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін кафедра меңгерушісі м.ғ.д. профессор М.Ж. Аймағамбетов болып табылады.
Бөлімше базасында жыл сайын жас дәрігерлер, резиденттер, магистранттар, докторанттар білім алса, сондай-ақ «Хирургияның өзекті мәселелері» бойынша обылыс көлеміндегі хирургтарға мамандандырулар өткізіледі. Бөлімшеде жоғары санатты аға мейіргер Г.Ж. Исабаева бастаған мейірбикелер мен кіші қызметкерлер үлкен жұмысты атқаруда, бөлімшеде 14 мейірбике жұмыс істейді (жоғары санатты – 6, бірінші санатты-2, екінші санатты-1.