Ота бөлімі алғаш рет Семей қаласындағы облыстық клиникалық ауруханасында 1996 жылы құрылған. Бірінші бөлім меңгерушісі болып Асылбеков Е.М. тағайындалды. 2008 жылдан бастап 2016 жылға дейін бөлімді Чиныбаев А.И. басқарды. 2016 ж.- 2019 жыл аралығында бөлім меңгерушісі болып Омарбеков Е.С. қызмет атқарды. 2016 жылдан осы уақытқа дейін ота бөлімінің меңгерушісі міндетін атқарушы Акпаров Т.Л. қызметің атқарады.
Ота бөлімі бірнеше ота блоктарынан тұрады:
- Хирургия ота блогы.
- Нейрохирургия ота блогы.
- Жақ-бет ота блогы.
- Лор ота блогы.
- Балалар ота блогы және травматология ота блогы.
- Жүрек тамыр ота блогы.
- Кардиохирургия ота блогы.
- Ересектер және балалар қабылдау бөліміндегі 3 орап таңу бөлмесі.
Ота бөлімінің міндетін атқарушы (м.а.) Акпаров Т.Л.жоғарғы білікті санатты дәрігер. Директордың хирургиялық және инновациялар жөніндегі орынбасары. «Деңсаулық сақтау саласының үздігі» және «Деңсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» белгілерімен марапатталған.
Ота бөлімінің аға мейірбикесі Садвакасова А.Е. жоғарғы білікті санатты мейірбике.
Бөлімде 26 мейірбике жұмыс істейді. Олардың 13-і жоғарғы білікті санатты мейірбекелер. Бірінші білікті санатты -1 мейірбеке. Екінші білікті санатты -1 мейірбике. 11 мейірбике сертификатталған.
Ота бөлімінде 1999 ж.бастап өт қабына, бауырдан тыс өт жолдарына, аппендэктомия, грыжа жөндеу оталарын эндовидео оперативтік араласуымен өткізеді.
2000 жылдың қантарынан бастап ашық лапараскопиялық әдістерімен оталар жасала бастады.
Кәзіргі заманғы сай аз инвазивті және мүшелерді сақтайтын хирургиялық әдістер жасалады. Асқазанның эндовидеохирургиялық резекциясы, ішек жарығын эндовидеохирургиялық жөндеу , торокоскопиялық симпатэктомия, аппендэктомия іш жарығын жөндеу оталарын жасайды.
Нейрохирургиялық науқастарға импланттарды және пішінді есте сақтау торларын қолдану арқылы мойын, кеуде, бел омыртқаларының сынықтары мен дегенеративті аурулары үшін оталар жасалады. Нейроонкологиялық науқастарға ми тамырларына эмболизациялау оталары да жасалады. Мидың гидроцефалиясында перифериялық жүйке жүйесіне шунтталатын ота жасайды және церебральды қан айналымы бұзылыстары мен церебральды аневризмаларға арналған эндоваскулярлық және ашық микрохиргиялық оталар өткізіледі. Тағы үштік нерв невралгиясына да ота жасалады.
Жүрек қан тамыр бөлімінде атеросклероз ауруларында белдік симпатэктомия, мықын артерияларына, мықын бел аорталарына, іш аорталарына айналып өту оталары жасалады (шунтирование). Коллагенді жамау қолдану арқылы каротид артериясына оталар жасалады және жоғарғы, төменгі аяқтардың варикозды кеңеюіне арналған оталарда жасалады.
Кардиохирургия ота бөлімінде аорта коронарлық айналма (шунтирование) және селективті коронография, аортаграфия стенттеу оталары жасалады.




