Балалардың облыстық клиникалық ауруханасында балалар ЛОР бөлімі 1972 жылы ашылды. Ұйымдастырушы және бөлім меңгерушісі жоғары санатты дәрігер Галина Борисовна Никитина болды. Ол бөлімді 30 жылдан астам басқарды. 20 жылдан астам уақыт бойы адал Г.Б. Никитинаға көмекші және пікірлес жоғары санатты дәрігерлер Наталья Сергеевна Глазырина, Гоосен Надежда Леонидовна, Жарылғапова Нұржан Сраутаевна болды. Қазіргі таңда балалар ауруханасының оториноларингологиялық бөлімінің меңгеруші қызметін жоғары санатты дәрігер Оразғалиева Меруерт Еспосынқызы атқаруда. Көп жылдар бойы Варавина Галина Петровна аға медбике болды. 2008 жылдан Аханова Анар Кабылкаевна ЛОР бөлімінің аға медбикесі. Қазіргі уақытта бөлімшеде жоғары санатты бір дәрігер және жоғары санатты алты медбике бар.
Қазіргі уақытта офтальмология, неврология және оториноларингология кафедрасының меңгерушісі Оспанов Ерлан Әбеуханұлы, медицина ғылымдарының кандидаты.
25 жылдан астам медицина ғылымдарының докторы, профессор Виктор Андреевич Романов ЛОР аурулары курсын басқарды. Республикаға танымал оториноларинголог дәрігер болған. Одан кейін ЛОР аурулары курсының жетекшісі, тәжірибелі дәрігер Кулумбаева Батима Бибекқызы болды. Кафедра қызметкерлері мен бөлім дәрігерлерінің мақсаты бір: науқас балаларға кәсіби көмек көрсету – бұл жақсы нәтиже береді. Бөлімше 18 жасқа дейінгі балаларға тәулік бойы көмек көрсетеді. ЛОР ауруларын консервативті және хирургиялық емдеу де жүргізіледі.