Telegram-бот «Сапалы қызмет»
Мемлекеттік қызмет істері агенттігі көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына шағымдануының жаңа тетіктерін қарау және олармен кері байланыс орнату мақсатында «Сапалы қызмет» ресми Telegram-ботын (EgovKzBot2.0, @Kenes1414bot) әзірледі.
Бұл платформада қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсетуге шағым беру, олардың сапасын арттыру, сондай-ақ мемлекеттік аппаратты бюрократиядан арылту жөнінде ұсыныстар білдіру тетіктері көзделген.
