Мастер класс – экстра интро краниалды шунттау жасады

Абай облысында алғаш рет «СМУ»» КеАҚ университеттік госпиталінің базасында МӘМС шеңберінде нейрохирургия бөлімшесінде Өскемен қ. Инновациялық медицина бөлімшесі дәрігерлерінің @uniclinic_uk @innovative_med командасы Инновациялық медицина бөлімшесінің меңгерушісі, нейрохирург, PhD докторы Ж. Т. Уаптың жетекшілігімен ишемиялық инсульт қаупі бар науқасқа жоғары технологиялық операция – экстра интро краниалды шунттау жасады. Операция мәні қан тамырларының зақымдалған аймағын айналып өтіп, қан ағымының балама жолын құрылуында. Айналма жол шунт деп аталады.
Сондай-ақ, шеберлік сағаты аясында миға 9 күрделі эндоваскулярлық операция жасалды. Олардың қатарында Вада тестімен мидың қатерлі ісігін эмболизациялау бар. Бұл тест операциядан кейін болуы ықтимал функционалдық ауытқуларды болжау үшін нейрохирургиялық емдеу амалдарын жоспарлауда қолданылады.
Осылайша Абай облысының 10 тұрғыны құтқарылды!
«СМУ» КеАҚ университеттік госпиталінің басшылығы «СМУ» КеАҚ Басқарма Төрағасы – ректорына, Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасына және Уап Жандос Талғатұлы, Қорабаев Мұхтар Оразбекұлы, Каденов Ғұмар Мұхтарұлы, Қылышбеков Рауан Мейрамбекұлы, Ертай Сымбатұлы, Омарбек Әбілқайыр Қайратұлы енген дәрігерлер тобына шеберлік сыныбын өткізгені үшін зор алғыс білдіреді.