КеАҚ «Семей Медицина Университеті» Университеттік госпиталінің балалар хирургиясы бөлімінде 54 төсек орналастрылған ( оның ішінде 20 төсек жалпы хирургиялық, 5 төсек іріңді хирургиялық, 17 травматология-ортопедиялық, 9 төсек нейрохирургиялық және 3 төсек күйіктік науқастарға арналған). Клиника Семей қаласы мен Абай облысындағы құрсақ қуысының, кеуде торының, құрсақ арты кеңістігінің, ішкі ағзалардың, зәр шығару жүйесінің және тірек-қимыл аппараты даму ақаулары бар балаларға әртүрлі күрделі хирургиялық және травматологиялық-ортопедиялық жоғары білікті шұғыл және жоспарлы оталы ем жүргізіледі.
Алғаш рет балалар хирургиялық бөлімі 1965 жылы Семей облыстық клиникалық ауруханасында ашылды. Бөлімнің бірінші меңгерушісі болып балалар хирургы Фисунов Борис Иванович тағайындалды, одан кейін бөлімді келесі жоғары білікті балалар хирургтары басқарды: Юшицын Эдуард Федорович, Токенов Рахым Токенович, Еркебуланов Базарбек Шакаримович, Жаринов Владимир Федорович, Журбенко Антонина Емельяновна, Оспанов Самат Габдуллинович, Аубакиров Марат Токанович. Бұл мамандардың барлығы Семей Мемлекеттік Медицина Институтының түлектері. Қазіргі уақытта бөлімді жоғары санатты балалар хирургі Жумажанов Ерлан Аукенович басқарады.
Бөлімде 11 дәрігер (оның ішінде жоғары біліктілік санаты бар – 8, бірінші санаты бар– 1, екінші санаты бар– 2), 18 мейіргер (оның ішінде жоғары біліктілік санаты бар – 16, бірінші санаты бар– 1, екінші санаты бар – 1) қызмет атқарады.
Бөлімнің ардагер дәрігерлері жоғары білікті балалар хирургтары Аубакиров М.Т., Дюсупжанов М.С., Омаров Б. К. қазіргі таңға дейін жұмыс атқаруда.
Хирургтың алғашқы таптырмас көмекшісі-оталық және палаталық мейіргер, оларсыз ешқандай ота жасалмайды. Ота жасайтын хирург пен оталық мейіргер арасындағы байланыс, сондай – ақ отадан кейінгі мейіргердің науқасты күтуі емнің сәтті болуының кепілі болып табылады, өйткені нәтиже дәрігердің кәсібилігіне ғана емес, сонымен қатар мейіргердің тәжірибесіне және отадан кейінгі науқастыардың күтіміне де байланысты. Мұндай «адам жанының арашасы – қамқоршыларымыз» – аға оталық мейіргер Дюсенова Ж. Р., бөлімнің аға мейіргері Айтжанова Р. Д., мейіргерлер Иванова Е.А., Құдайбергенова Г.К., Валханова А., Сәкенова Г.Т., Тулеубаева А. У, Омарова М.Б., Демеуханова Т.К., Тайтелекова Ж.Т., Рысбекова С.Т, Шошаева Ж.М., Кононенко Е.А., Петкова Е. және басқалар.
Бөлімде Травматология және Балалар хирургиясы кафедрасы орналасқан. Кафедраны медицина ғылымдарының докторы, профессор Жанаспаев Марат Амангазиевич, Семей Мемлекеттік Медицина Институтының түлегі басқарады. Сонымен қатар кафедрада м. ғ. к. жоғары санатты балалар хирургі Аубакиров М.Т., м. ғ. к. жоғары санатты балалар хирургі Санбаев М.С., м. ғ. к. жоғары санатты балалар анестезиолог-реаниматологы Сыздықбаев М.К., жоғары санатты балалар хирургі докторант Жаркимбаева А.Д., жоғары санатты балалар хирургі Гамзаева Э.М., травматолог Аликенов К.К. қызмет атқарады.
Базалық мекеменің жұмыс тәжірибесіне кафедра мен тәжірибелік дәрігерлердің келесі әзірлемелері енгізілді:
- балалардағы ішек аралық анастомозын қолдану әдісі;
- ішек тігістерінің тұрақсыздығының алдын алу әдісі;
- балалардағы перитонит кезінде ішекті интубациялауәдісі;
- эхинококкты қалдық қуыстардың пластикасы;
- аппендэктомия әдісі;
- гидроцефалияны емдеу әдістері;
- шынтақ буыны сынығың емдеу әдісі;
- түтікті сүйектер сынығың емдеу әдісі;
- ұршық шұңқыры төбесін қалыптастыру әдісі;
- гипоспадияның дистальды түріндегі уретропластика әдісі;
- гипоспадияның проксимальды түріндегі уретропластика әдісі;
- гипоспадия кезінде қуықты дренирлеу әдісі.
Ғылыми зерттеулердің нәтижелері 5 монографияда, 10 әдістемелік ұсыныста, 25 ғылыми өнертабыста және 40-тан астам рационализаторлық ұсыныстарда көрсетілген. Сондай-ақ, мемлекеттік тілде балалар хирургиясы бойынша оқулық бар.
Қазіргі уақытта Семей қ. КеАҚ «СМУ» УГ балалар хирургиясы бөлімі мен травматология және балалар хирургиясы кафедрасың оқытушылары мен хирург дәрігерлерінің ұжымы жаңа Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі жағдайында балалардың денсаулығын сақтауды және емдеуді қамтамасыз ете алатын жоғары білікті мамандарды даярлауды өзінің басты мақсаты етіп қояды.




