1971 жылы 21 желтоқсанда Семей облыстық денсаулық сақтау бөлімінің бұйрығымен Семей облыстық клиникалық ауруханасының базасында 30 төсектік орын нейрохирургия бөлімі ашылды. Бөлімнің бірінші меңгерушісі Овсянников Владимир Иванович болды, содан кейін Биркгейм Эдуард Викторович, кейін ұзақ уақытқа дейін Горбунов Василий Иванович болды. 1984 жылдан 1996 жылға дейін бөлімді қайтадан Владимир Иванович Овсянников басқарды. 1996 жылдан 2016 жылға дейін бөлім меңгерушісі Владимир Иванович Чайко, 2016 жылдан 2019 жылға дейін Культуманов Алтай Сансызбайұлы болды. Қазіргі уақытта бөлімдіі Смайылов Наиль Серғалиұлы басқарады. 1984 жылдан бастап бөлімде Ишмухаметов Рашид Шамильевич, 2003 жылдан бастап Сағымбаев Дәулет Қалибекұлы, 2017 жылдан бастап Мақұлжан Мәулет Құрманғалиұлы, соңғы 3,4 жылда бөлімге дәрігер Тоқмолдин Төлеген Берікболұлы, Қуанышев Әлібек Қуанышұлы , Абжанов Берікжан Ерболұлы келді.
Көптеген жылдар бойы бөлімнің аға медбикесі Лошкарева Надежда Николаевна болды, қазіргі уақытта Аға медбике-Туткушева Венера Увасиловна.Аға шаруашылық қызметкері ұзақ уақыт бойы Файзулина Зухра Зайнеловна болған, ал қазір –Райхан Сағынтайқызы Жүнісова басқарады. Кіші медициналық қызметкерлердің қарапайым бірақ бағаланбаған үлесінсіз пациенттерді сауықтыру мүмкін емес. Алғашқы күндерден бастап бөлімде орталық және перифериялық жүйке жүйесінің жарақатына көмек көрсетілді. Ми мен жұлын ісіктері, омыртқаның дегенеративті аурулары, гидроцефалия және ересектер мен балалардың басқа да көптеген ауруларына операциялар жасалды. Әлемдік нейрохирургияның дамуымен бірге емдеу тәсілдері өзгеріп, әдістері жетілдірілді. Мәселен, бұрын омыртқа жарақаты кезінде омыртқа доғасын алып тастау операциялары жүргізілді, кейінірек сынған омыртқаны алып тастау және протездеу және қатаң транспедикулярлық бекіту сияқты айтарлықтай күрделі және тиімді операциялар енгізілді.
Ми ісіктеріне жасалған операциялар саны айтарлықтай өсті. Бұл ретте осы операциялардың өлім-жітімі 25-30% – дан 1-2% – ға дейін төмендеді. Соңғы 3 жылда ми ісіктерін алып тастау операцияларынан кейін өлім көрсеткіштері болған жоқ. Бөлімде омыртқаның дегенеративті аурлары мен жұлын каналының стенозы кезіндегі операциялар ауқымы кеңейді, мойын омыртқасы дискісінің жарығын алып тастау және протездеу әдісі енгізіліп, кеңінен қолданылады. Бөлімде аяқ асты инсультті ми ішілік гематомаларды алып тастаудың өзіндік әдістемесі құрылды. Біздің қаламыздағы нейрохирургия бөлімінде алғаш рет ми қан тамырлары ауруларын эндоваскулярлық емдеу әдістері енгізілді, сонымен қатар бөлімнің дәрігерлері балалар ауруханасының стационарына көмек көрсетеді, балалардағы нейрохирургиялық патологияларды анықтайды жане оларға оталар жасайды.



