Күндізгі стационар бөлімі 2005 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан көпсалалы қызмет көрсету бөлімінің негізінде 2011 жылы ашылды. Бастапқыда 30 төсектік күндізгі стационарда жүрек-қан тамырлары, неврологиялық, ревматологиялық және хирургиялық патологиялары бар науқастар емделді.
Кейін науқастардың көптеп келуіне байланысты бөлімше 60 төсекке ұлғайтылды.
Бөлімшеде жоғары және бірінші санатты білікті дәрігерлер: кардиолог, невропатолог, гастроэнтеролог, ревматолог, хирург, ангиохирург, отоларинголог және жақ-бет хирургы көмек көрсетеді. Бөлімше штатында үлкен жұмыс тәжірибесі бар, жоғары және бірінші санатты білікті медбикелер бар. Кафедраның барлық қызметкерлері біліктілікті арттыру курстарынан өту, ғылыми-тәжірибелік конференциялар мен семинарларға қатысу арқылы өздерінің кәсіби деңгейін үнемі жетілдіріп отырады.
Күндізгі стационардың бірінші меңгерушісі жоғары санатты анестезиолог дәрігер Кулуспаев Еркін Серғазыұлы болды. Ұзақ жылдар бойы көп салалы қызмет көрсету бөлімін басқарды. Алғаш рет аурухана қабырғасынан өт қабын алу үшін лапароскопиялық холецистэктомия жасап, енгізді жәнеде мембраналық плазмофорез өткізді.
2014 жылы күндізгі стационардың меңгерушісі болып жоғары санатты невропатолог Тұрғанбаева Алтынай Тұрсынғалиқызы тағайындалды.
Қазіргі уақытта 2023 жылдан бері күндізгі стационарды басқаратын кардиолог Хайдарова Оксана Валерьевна.
Қазіргі уақытта күндізгі стационарда әрі қарай емдеу тактикасын анықтау үшін диагностикалық коронарлық ангиография жүргізіледі. Жетілдірілген варикозды веналарды емдеу үшін сафенэктомия жасаймыз. Әртүрлі күрделіліктегі буынішілік инъекциялар. Омыртқаның қатты ауырсынуына арналған блокадалар.



