Мастер-класс өткізу және технологиялар трансферті мақсатында университет госпиталіне дәрігерлер тобы келді

Мастер-класс өткізу және технологиялар трансферін жүзеге асыру мақсатында Университеттік госпитальға Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институты басқарма төрағасы Рүстем Төлеутаевтың жетекшілігімен дәрігерлер тобы келді.

Қонақтар кардиохирургия бөлімшесінің, рентгено-эндоваскулярлық зертхананың және балалар стационарының жұмысымен танысты. Ерекше назар өңірдегі жалғыз көпсалалы медициналық мекеме ретінде балалар стационарының маңыздылығына аударылды.