1964 жылдың наурыз айында облыстық клиникалық балалар жүйке бөлімі ашылады.Алғашқы бөлім меңгерушісі болып Белякова К.Б жоғарғы дәрежелі дәрігер болып қызмет атқарды.Көп жылдар бойы осы бөлімде невропотолог болып қызмет істегендер Дубягина Л И ,Красюкова Л А, Плохих Н.П 1981-1998 жылдар аралығында бөлім меңгерушісі болып Тапбергенова С.М қызмет атқарды. 1999-2007 жылдар аралығында бөлім меңгерушісі болып Ульмисекова Г.Б жоғарғы дәрежелі дәрігер, Хьюстон (АҚШ) балалар әскери ауруханасында тәжірибе өтті. Зальцбург қаласында ( Австрия) Қазақстан қорының гранты арқылы медициналық жиынға қатысты. 2007-2022 жылдары Бақтыбаева Р.Ж бөлім меңгерушісі.
ал 2022-жылдан бастап Арыкова Ж.Н –бөлім меңгеруші болып жұмыс атқарып жатыр.Балалар жүйке бөлімінде диогностикалық тексерулер және сауықтыру орталық жүйке жүйесінің зақымдануы,эпилепсия,дцп,бас –сүйегінің зақымдануы және арқаның зақымдануы, нейроинфекция. Неврология потологиясынан балалар жаңадан ем қолданылып отырады,сонымен қатар кешенді әдіспен емдер қабылданады және емдеу,тоқпен емдеу,жеңіл жаттығулар емі, уқалау инемен емдеу .Соңғы жылдары жүйке аурулар курсында 20-ға жуық ғылыми тармақтар және әртүрлі басылымдар шығарылды. Бірінші болып жүйке бөлімінде аға мейірбике қызметін атқарған Мясникова Т.М содан кейін аға мейірбике қызметін Соколова А.П және Насымбекова С ,30-жылдан астам Бердыгужанова Н.К аға мейірбике қызметін атқарды. Қазіргі уақытта аға мейірбике қызметін Кабдылманова А.Ж атқарып келеді.Сонымен қатар көп жылдар бойы қызмет атқарып келе жатқан мейірбикелер: Әмірханова М.Б., Сатиева Н.Д, Муханбаева А.Б, Ахметжанова А.К және т.б.
Сайттың бұрыңғы нұсқасына өту




