8 наурыз Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Біз әйел дәрігерлер туралы айтқымыз келеді

8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні қарсаңында біз өз еңбегімен, білімімен және мамандығына деген адалдығымен денсаулық сақтау саласының дамуына және халық денсаулығын сақтауға зор үлес қосып жүрген әйел-дәрігерлер туралы айтқымыз келеді.

👩‍⚕️ Жылқыбаева Карлығаш Шәріповна — Абай облысының бас гастроэнтерологы, «Семей медицина университеті» КеАҚ Университеттік госпиталінің гепатогастроэнтерология бөлімшесінің меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер.