БАЛАЛАР РЕАНИМАЦИЯСЫ ТАҚЫРЫБЫНА АРНАЛҒАН ДӘРІСТЕР
2023 жылдың қараша айының 24-і күні «СМУ» КеАҚ университет госпиталінің балалар реанимациясы және қарқынды терапия бөлімшесінің базасында Абай облысының анестезиолог-реаниматологтарының қатысуымен «Ауыр жағдайдағы балаларға инфузиялық терапияны қолдану. Балалар реанимациясындағы тамақтану терапиясы. Балалардың ауыр ми жарақаты» атты дәрістер циклы өтті. Дәріскер ҚР ДСМ бас штаттан тыс балалар анестезиологы-реаниматологы, м.ғ.к., С. Асфендияров атындағы ҚазМУ педиатрия кафедрасының доценті Гүлбану Сансызбайқызы Бердиярова.
Гүлбану Сансызбайқызы өзінің ерекше тәжірибесімен және қиын жағдайдағы балаларға қатысты озық әдістемелерімен ортаға салды. Оныңқатысушылар үшін балаларды емдеу саласындағы жаңа мүмкіншіліктер мен мүмкіндіктерге жол ашқан дәрістері іс-шараның мазмұнын байытты.
Біз үшін университет госпиталінің медициналық қоғамдастықтың дамуына және медициналық көмектің сапасын жақсартуға ықпал ететін осындай маңызды шаралар өткізілетін алаң болып келе жатқаны зор мақтаныш. Біздің госпиталь мен бүкіл медициналық қауымдастық үшін осы маңызды күнде белсенді қатысып және біліммен бөліскен барлық әріптестерімізге алғыс айтамыз!




