Қолқа қақпақшасын транскатетерлік имплантациялау, қолқаның кеуде бөліміне стент-графт имплантациялау және коронарлық артериялардың созылмалы окклюзиялары бойынша мастер-класстар орындалды

23-26 қыркүйек аралығында Университет госпиталінің базасында қолқа қақпақшасын транскатетерлік имплантациялау, қолқаның кеуде бөліміне стент-графт имплантациялау және коронарлық артериялардың созылмалы окклюзиялары бойынша мастер-класстар орындалды.


Операциялар рентген-хирургтардың, жүрек-қан тамырлары хирургтарының, кардиоанестезиологтардың, функционалдық диагностика дәрігерінің қатысуымен жүргізілді, олардың арасында елге белгілі мамандардың есімдері бар. Мастер-класстарға м.ғ.к., «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының» (Астана қ.) интервенциялық кардиология және радиология бөлімінің меңгерушісі Серік Алмазұлы Әлімбаев; м.ғ.к., PhD, «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығының» (Астана қ.) интервенциялық кардиология бөлімінің меңгерушісі Алексей Юрьевич Гончаров, рентгенэндоваскулярлық зертханасының бөлім меңгерушісі Бауржан Слямович Азизов және рентгенэндоваскулярлық зертхананың ординаторлары қатысты.
Бүгінде науқастарды қалпына келтіру кезеңі күтіп тұр. «СМУ» КеАҚ УГ-нің рентгенэндоваскулярлық зертханасы әр уақытта тәжірибе жинақтайды және осындай операцияларды орындауда өзінің шеберлігін арттырады.