70-ші жылдары облыстық аурухана облыстың ірі көпсалалы мамандандырылған клиникасына айналды. Осы уақытта кардиохирургия бөлімшесі ашылды. Фуников Ю. П., кардиохирургия бөлімшесінің бірінші меңгерушісі болды. Кардиохирургия бөлімінің келесі меңгерушісі Казанцев Юрий Артемьевич болды . 1973 жылы КСРО Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығымен кардиохирургия бөлімшесі жабылып, кардиохирургия бөлімшесінің базасында тамырлы хирургия бөлімшесі ашылды, бөлімше меңгерушісі болып Казанцев Юрий Артемьевич қалды, Содан кейін 1984 жылдан бастап Масалимов Есенғазы Омарханұлы тамырлы хирургия бөлімшесінің меңгерушісі болды. Осы кезеңде тамырлы хирургияның түпкілікті қалыптасуы болды: қолқаға, экстракраниальды тамырларға операциялар, қайталанатын реконструктивті операциялар және қолқаның висцеральды тармақтарына операциялар, күрделі флебологиялық операциялар енгізілді . 1994 жылы бөлім меңгерушісі болып Сагандыков Ирлан Нығметжанұлы тағайындалды. Семей қ. ММУ ректоры Рахыпбеков Төлебай Қосиябекұлының (ректор 2007 жылдан 2017 жылға дейін) тапсырмасы бойынша 2009 жылдан бастап Семей қ. ММУ МО-да кардиохирургияны дамыту жөніндегі жобаны іске асыра бастады, жоба жетекшісі болып жоғары санатты ангиохирург, қазіргі уақытта М .ғ. д. профессор «МУС» КЕАҚ ректоры Дюсупов Алтай Ахметқалиұлы, сол кезде даму және ұйымдастыру мәселелері жөніндегі проректор болып тағайындалды. 2009 жылдан бастап қан тамырлары хирургиясы бөлімінің меңгерушісі Б. С. Буланов болды. Кардиохирургияны дамыту жобасы аясында үлкен әдістемелік және практикалық жұмыс жүргізілді.
2013 жылдың 4 сәуірінде Семей қ. ММУ МО-да кардиохирургияны дамыту жобасы сәтті жүзеге асырылды, Семей қаласы мен университет тарихында алғаш рет жүрек-қантамыр хирургиясы бөлімшесі, эндоваскулярлық зертхана ашылды, ашық жүрекке операциялар — жасанды қан айналымы жағдайында қолқа-коронарлық шунттау, коронарография,коронарлық және перифериялық артерияларды стенттеу, «Жедел коронарлық синдром»тәулік бойы жұмыс істей бастады. Ашық жүрекке алғашқы дербес операцияны, аорто-коронарлық шунттауды жүрек-қантамыр хирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі Б. С. Буланов орындады, бірінші экстракорпоральды қан айналымын аортокоронарлық шунттау операциясы кезінде жүрек-қантамыр хирургиясы бөлімшесінің ординаторы Ерлан Әуелғазыұлы Сальменбаев жүргізді, коронарлық артерияларды стенттеумен алғашқы коронарографияны рентгенэндоваскулярлық зертхананың меңгерушісі Е. Т. Сәбитов орындады. 2013 жылдың 4 сәуірінде Астана қаласының «Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы» АҚ-мен (ҰБО) «Қазақстан Еңбек ер» ҰБО » АҚ Басқарма Төрағасы Юрий Владимирович Пя бастаған ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. ҰБХО АҚ ұжымы Семей қ. ММУ МО базасында жобаны іске қосу және кардиохирургиялық қызметті ашу бойынша үлкен практикалық және әдіснамалық көмек көрсетті. Осылайша, 2013 жылдың сәуірінде ауруханада жүрек-қан тамырлары хирургиясы бөлімшесі құрылды, оның құрамында 32 төсек ангиохирургия және коронарлық хирургия үшін 8 төсек бар. 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін жүрек қан тамырлары хирургиясы бөлімшесінің меңгерушісі Ерлан Әуелғазыұлы Сальменбаев болып табылады.
Қазіргі уақытта, жүрек-қантамыр хирургия бөлімі қызметін жалғастыруда. Ғылыми бағыттар: коронарлық және каротидті бассейндердің тромбоблитерациялық ауруларын емдеу және диагностикалау, іш аортасы мен оның тармақтарына хирургия, шұғыл ангиохирургия, варикозды ауруда ЭВЛК сияқты аз инвазивті хирургиялық әдістері енгізулуде . «МУС» КЕАҚ УГ емханасында, сондай-ақ Семей қаласының емханалары мен клиникаларында пациенттерді амбулаториялық қабылдау жүргізіледі.

