«Семей қаласының медициналық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамының университеттік ауруханасының ересектер қабылдау бөлімі Абай және Шығыс Қазақстан облысының ересек тұрғындарының әртүрлі аурулары бар жедел және жоспарлы науқастарға қызмет көрсетуге арналған профильді бөлімдермен қамтамасыз етілген.
2022 жылы ересектер ауруханасының жедел қабылдау бөліміне арналған жаңа ғимарат ашылды.
Аурухана құрылған алғашқы күннен бастап қабылдау бөлімі шұғыл медициналық көмек көрсетумен, түскен науқастарды тексеру және диагностикалаумен, ауруханаға жатқызу мәселелерін шешумен айналысады.
Жұмыстың негізгі қағидасы – қабылдау бөліміне кез келген аурулармен шағымданған науқастарға стационарға дейінгі сатыда сапалы және жоғарғы деңгейде көмек көрсету, диагностикалау және қабылдау сапасын арттыру.
Науқастар мен олардың туыстары түскен сәттен бастап медициналық қызметкерлердің қамқорлығы мен назарында болады, емдеу тактикасын нақтылау үшін барлық диагностикалық шаралар мен шешімдер қабылданады.
Қабылдау бөлімінде 15 дәрігер жұмыс істейді, оның 5-і жоғары санатты; медбикелер – 17, оның ішінде 7 жоғары санатты.
Медбикелердің ішінде 5-і қолданбалы бакалавр дәрежесіне, 4-еуі академиялық бакалавр дәрежесіне және біреуінің медбике менеджері мамандығы бойынша жоғары білімі бар.
Қабылдау бөлімінің дамуы мен құрылуына әр уақытта келесі басшылар атсалысты: Ахмерова К.Ш., Баелев С.Ж., Чурикова Г.З., Ескендирова А.Б., Коканова Р.О., Буданова Ш.Т., Кайрамбаев М.С.
2009 жылдан қазіргі уақытқа дейін қабылдау бөлімінің меңгерушісі жоғары санатты дәрігер Иманалинов И.С.
2023 жылдан бастап қабылдау бөлімінің аға медбикесі Токтабаева А.М.


