Бірінші облыстық ауруханада 30 орындық неврологиялық бөлім болды, оны А.Е.Ческина, М.И.Беляков сияқты дәрігерлер басқарды.
1972 жылы Облыстық клиникалық ауруханада 80 орындық неврологиялық бөлімшесі ашылды. Бөлімшені тәжірибелі білікті дәрігерлер басқарды: Ю. В. Мятчии, В.И. Николенко (1974-1979жж).
Бүгінгі таңда неврологиялық бөлімше ең ірі емдеу-диагностикалық, ұйымдастырушылық-әдістемелік, ғылыми-педагогикалық орталықтардың бірі болып табылады. Медицина ғалымдары мен бөлімше дәрігерлерінің күш-жігерімен бірге пациенттер диагноздарын диагностикалау, тактика және емдеу мәселелері шешілуде. Науқастар Г.Я. Высоцкий, М. М. Корин, профессор, м.ғ.к. Т.Н. Хайбуллин, доцент, м.ғ.к. Т.В. Каймак сияқты профессорлардың есімдерін жақсы біледі. Бөлімшеде төсек қорын тиімді пайдалану жолы қолданылады. Бұған емханамен сабақтастықпен, ауруханаға дейінгі тексерулермен, стационарда емдеу-диагностикалық үрдісті нақты ұйымдастырумен қол жеткізіледі.
Бөлім меңгерушісі, неврология – жоғары санатты дәрігер, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау үздігі Ахмет Кәрімұлы Шумаев басқаруымен көптеген жылдар бойы неврологиялық бөлімде плазмафарез, пульсотерапия, гипербаротерапия, К – терапия, лазерлік және кванттық терапия, новокаиндік блокадалар, иглорефлексотепиялар, Су-Джок, пневмоэнцефалография сияқты заманауи емдеу әдістері енгізілді.
Бөлімшеде жүргізіліп жатқан барлық жұмыстар жыл сайын қала мен аудандардың 1400-ге жуық пациентіне стационарда мамандандырылған көмек көрсетіледі. 46,8% – аудан тұрғындары.
Соңғы 2 жыл ішінде бөлімше дәрігерлері профессор Т. Н.Хайбуллинмен бірлесіп 10 баспа жұмысын жариялады: Миастения Гравис, Шашыранды склероз, Полиневропатия және т. б. неврологиялық ауруларды емдеуде ғылыми зерттеулер жүргізілуде.
Қазіргі таңда бөлім меңгерішісі – жоғары санатты, 20 жылдық тәжірибесі бар дәрігер невролог Калиева А.К. Бөлім дәрігерлері Идрисова Е.М., Ерболова Ж.Ж. Бөлімде 11 мейірбике, 11 төменгі медициналық қызметкерлер жұмыстарын атқаруда.
Диагностикалық зерттеулер, емдеу процедураларының ауқымын кеңейту, жоғары дәрежелі, сапалы көмек көрсету бағдарламасы енгізілуде.



